Химия және биотехнология кафедрасында CirculEC жобасы аясында кездесу
2024 жылдың 24 желтоқсанында химия және биотехнология кафедрасында Erasmus+ бағдарламасының «Айналмалы экономика және тұрақты даму (CirculEC) саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» жобасымен таныстыру мақсатында ақпараттық сессия өтті. Кездесуге студенттер мен кафедра оқытушылары қатысты.
Кездесуге қатысушыларға айналмалы экономикаға көшуді жеделдетуге және тұрақты даму мақсаттары мен Green Deal іс-шараларын іске асыруға бағытталған Circulec жобасы туралы ақпарат ұсынылды.
CirculEC Kokshetau University командасының мүшелері Нұрмұханбетова Нұргүл мен Бельгибаева Анаргуль жоба туралы сұрақтарға жауап беріп, CirculEC жобасының іске асырылу барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Олар сондай-ақ айналмалы экономика және тұрақты даму тақырыбын білім беру бағдарламаларына интеграциялауды қамтитын жобаның нәтижелері; тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ықпал ету; айналмалы экономика мәселелерін зерттеу үшін салалық ұйымдармен ынтымақтастық туралы айтты.