Ualikhanov University 2023 жылдың қарашасында іске қосылған Jean Monnet модулінің іске асырылуы жалғастыруда
Ualikhanov University 2023 жылдың қарашасында іске қосылған Jean Monnet модулінің іске асырылуы жалғастыруда. Жыл бойы жоба тобы барлық жоспарланған тапсырмаларды орындады. Серпіліс кеңсесінің басшысы А.Е.Исмагулова, ассистент-профессор Э.Ф. Герфанова және қауымдастырылған профессор Г.М. Ракишева жоба үйлестірушілері болып табылады. Жоба командасы ЖОО әкімшілігінің, Халықаралық жобаларды басқару орталығы өкілдерінің, ЖОО институттары мен мектептері өкілдерінің, департамент басшылары, оқытушылар құрамының қатысуымен өткен бірінші кездесуде "Еуропалық Одақ: мәдени әртүрлілік пен толеранттылықты ілгерілету" (Jean Monnet Module "European Union: promoting Cultural Diversity and Tolerance" (EUDIVE) project number: 101127635) жобасын ресми түрде таныстырды.
Жобаны іске асыру жоспары және жобаның сапасын қамтамасыз етудің стратегиялық жоспары әзірленді; мәдениетаралық білім беру және мәдени әртүрлілік саласындағы НҚА және ЕО бағдарламалық құжаттары зерделенді және талданды;
European Union: promoting Cultural Diversity and Tolerance (EUDIVE) модулінің силлабусы, дәріс және практикалық сабақтардың материалдары әзірленді. Модуль Ualikhanov University білім беру бағдарламаларына мәдениетаралық әртүрліліктің еуропалық тәжірибесін біріктіруге және толеранттылық пен мәдени әртүрліліктің еуропалық тәжірибелерін зерттеуге бағытталған. Модуль силлабусында еуропалық зерттеулердегі "мәдениет" ұғымы, толеранттылық пен мәдени әртүрлілік саласындағы еуропалық бастамалар, мәдениетаралық коммуникация, жаһандық азаматтық, мәдениетаралық қарым-қатынастағы эмоционалды интеллект және т. б. тақырыптар көрсетілген. Бұл модуль "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасына енгізілді, 3 курс студенттеріне арналған сабақтар өткізілді.
Жобаның зерттеу компоненті аясында оқытушыларға, студенттерге және әкімшілік қызметкерлерге пікіртерім жүргізу үшін сауалнама жасалды, оның мақсаты олардың толеранттылық пен мәдени әртүрлілікті түсіну деңгейін анықтау болып табылады. Оқу жылы студенттердің, ОПҚ, ЖОО әкімшілігінің, қала мен облыстың білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізумен аяқталады. Барлық қызығушылық танытқандарды шақырамыз!