2026 жылдың сәуір айында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде дәстүрлі Ғылым айы өтеді. Бұл іс-шара ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және университет, мектептер мен ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар ғылыми іс-шараларды қамтиды.

Негізгі іс-шаралар

2026 жылғы 15 сәуір

Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында университеттің ғылыми қызметінің қорытындылары шығарылып, ғалымдар мен жас зерттеушілердің жетістіктері таныстырылады, сондай-ақ ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өткізіледі.

2026 жылғы 17 сәуір

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді:«Болашақ ғылымы мен технологиялары: Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) контекстіндегі сын-қатерлер, трендтер және перспективалар».Конференция аралас форматта өткізіліп, студенттердің ғылыми қызметін білім беру үдерісімен интеграциялауға бағытталған.

2026 жылғы 24 сәуір

Мектеп оқушыларына арналған өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді:«Мектеп пен университет: ғылыми ынтымақтастықтың қырлары».Конференцияның мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын «мектеп – университет» ғылыми-білім беру кеңістігі аясында дамыту.

2026 жылғы 29 сәуір

XXX мерейтойлық «Шоқан оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.Конференция тақырыбы: «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым мен білімнің жаңа көкжиектері».Конференцияға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысуға шақырылады.