Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті сіздерді
әдеттегідей халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясына қатысуға шақырады.
2025 жылы қазақтың көрнекті ғалымы, шығыстанушы, ағартушы-демократ, публицист, этнограф, есімі университетімізбен байланыстыШоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл.
Осы оқиғаға байланысты «Шоқан Уәлихановтың мұрасы: өңірлік қырлары мен жаһандық даму бағдарлары» атты мерейтойлық конференциясын өткіземіз.