Yessenov Data Lab 2025 – бұл қазақстандық жас ғалымдардың алған білімдерін әрі қарай қолдану үшін, үлкен деректерді талдаудың базалық дағдыларына нақты практикалық жұмыстарда үйрету, сондай-ақ олардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған 4 апталық интенсив.
Мектепті өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 маусым – 11 шілде аралығында, 4 апта. 16–27 маусым – онлайн формат, 30 маусым – 11 шілде – офлайн, Алматы қаласында. Қор ұшу билеттерін, тұруды және тамақтануды қаржыландырады.
Халықаралық лекторлар құрамы:
Тимур Бакибаев, информатика бойынша Ph.D, Сандық трансформация институтының директоры, Narxoz.Тақырыбы: Python және чат-боттар;
Қуаныш Әбешев, математика бойынша Ph.D, Сандық технологиялар мектебінің деканы, AlmaU.Тақырыбы: Машиналық оқыту;
Никита Саксена, Google Deepmind компаниясының зерттеуші инженері, Калифорния, АҚШ (Кремний алқабы).Тақырыбы: Үлкен тілдік модельдер (LLM);
Владислав Ющенко, Meta компаниясының аға машиналық оқыту инженері, Лондон.Тақырыбы: Компьютерлік көру.
Қатысушылар саны: 20 адам.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ:
Бағдарламаға қатысушылары: 18 жастан асқан ҚР азаматтары, жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлер, қазақстандық жоғары оқу орындарындардың техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарында білім алып жатқан бакалавриат және магистратура, докторантура студенттері.
Ұсынылатын параметрлер:
Өтінім берушіде келесі параметрлерге сәйкес келетін жеке жабдық (компьютер/ноутбук) болуы керек. Ұсынылатын параметрлер:
CPU Intel Core Gen 7 және одан жоғары, Mac Silicon M1 және одан жоғары;
RAM (ОЗУ) 6 Гб және одан жоғары.
Оқыту тілі: орыс, техникалық ағылшын тілі элементтері пайдаланылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы «31» наурыздан бастап «05» мамырға дейін.
-
Міндетті құжаттар:
жеке куәліктің көшірмесі;
студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3.0-ден төмен болмауы қажет). GPA 3.0-ден төмен болған жағдайда өтінімдер қарастырылмайды;
соттылықтың бар/жоқтығы туралы анықтама;
транскрипттің (барлық семестрлер) немесе бакалавриаттың диплом көшірмесі бағаларымен бірге (магистранттар мен мамандар үшін);
«Мен деректерді талдауды үйренгім келеді, өйткені…» тақырыбында эссе (кемінде 7 сөйлем, бірақ 750 сөзден аспауы тиіс). Эссе тек өңделетін Microsoft Word құжатында жіберілуі керек және өтінім берілген тілде – қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жазылуы тиіс;
түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
1. Үміткердің ғылыми зерттеулер саласындағы жетістіктерін және/немесе белгілі бір ғылыми/техникалық салаға деген қызығушылығын көрсететін портфолио және оны растайтын құжаттарды ұсыну:
олимпиадаға қатысу/жеңіс үшін берілген сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
курстардан өту және т.б. растайтын сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
қоғамдық белсенділік және волонтерлік қызмет үшін берілген сертификаттар – 2 (екі) сертификаттан аспау керек*;
ғылыми жарияланымдар – 2 (екі) жарияланымнан аспау керек*;
қатысқан немесе өз бетінше жүзеге асырған жобаларға сілтемелер – 3 (үш) мысалдан аспау керек (әрбір мысалға 2 фотосурет/парақ скриншоты/веб-сайтқа және/немесе әлеуметтік желілерге сілтеме және 150 сөзден аспайтын мәтіндік түсініктеме қосуға болады) *.
Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырады. Үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы «05» мамыр күні сағат 15:00-де (Астана уақытымен, GMT+5) аяқталады.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қарастырылмайды.