Minor - бакалавриаттың жаңа білім беру моделінің маңызды құрамдас бөлігі. Major (Мажор) – тен айырмашылығы (негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушы айқындаған білім беру бағдарламасы), Minor (Минор) - бұл студент үшін бейінді емес даярлау бағытындағы 6-7 өзара байланысты пәндердің блогы. Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша таңдалатын пәндер көлемін ЖОО дербес белгілейді.


Білім алушы жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті шеңберінде жеке оқу траекториясын айқындау кезінде негізгі білім беру бағдарламасы (Major) және (немесе) қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) бойынша пәндерді таңдайды. ("білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 31 шілде № 2 бұйрығы).


Minor
барлық студенттерге бакалавриаттың бірінші курсының соңында таңдау үшін ұсынылады. Minor бакалавриаттың 2, 3 және 4 курстарында оқиды.


Minor ерекшелігі:


Бакалавриат студенттеріне арналған minor каталогтары:

Minor Ағылшын тілі

Minor Мінез-құлық психологиясы

Minor Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау

Minor Банк ісі және қаржы менеджменті