Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне мүмкіндігі шектеулі талапкерлердің түсуі үшін сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін және оқудың барлық кезеңдерінде қолайлы жағдай жасайтын кешенді қолдау шаралары қарастырылған.

Талапкер университет ғимараттары мен жатақханаларында кедергісіз орта бар екендігі туралы толық ақпарат алуы тиіс: пандустар, лифтілер, есік жақтауларының кеңейтілуі, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген санитарлық-гигиеналық тораптар. Университет физикалық және ақпараттық қолжетімділікті кезең-кезеңмен қамтамасыз етіп келеді.

Талапкер оқу бағдарламаларының тізімімен танысып, өзінің денсаулық жағдайына және медициналық-әлеуметтік сараптама ұсыныстарына сәйкес бейімделген жеке оқу жоспары бойынша білім алу мүмкіндігін білуі қажет. Университетте инклюзивті білім беру бойынша психологиялық-педагогикалық және тьюторлық қолдау көрсетіледі.

Оқу үдерісінде электрондық ресурстар, қашықтықтан оқыту технологиялары, оқыту кабинеттерінде және кітапханаларда қолдау көрсету қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған бейімделген оқу материалдары мен техникалық құралдар (мысалы, экран оқу бағдарламалары, нашар көретіндерге арналған қосымшалар) қолжетімді.

Талапкер стипендиялық бағдарламалар, әлеуметтік қолдау, кеңестік көмек және бейімделу іс-шаралары туралы ақпаратпен де танысуы қажет. Университетте инклюзивті білім беру бойынша ППС-ты даярлауға арналған біліктілікті арттыру курстары өткізіліп тұрады, бұл қолайлы және қауіпсіз оқу ортасын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, университетте аймақтық жобалық офис жұмыс істейді, ол инклюзивтілік пен кәсіби бағдарлау тәжірибелерін алға жылжыту арқылы мүмкіндігі шектеулі студенттердің әлеуетін толық ашуға жағдай жасайды.Аталған барлық шаралар талапкердің университеттің толыққанды мүшесі болып, өз әлеуетін жүзеге асыруына бағытталған.

Құжаттар тізімі

  1. Білім туралы құжат (түпнұсқа)
  2. 075 нысанындағы медициналық анықтама
  3. Егу паспортының көшірмесі (күндізгі оқу түрі үшін)
  4. 4 фото 3×4
  5. Жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы қолыңызда болуы керек)
  6. ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда)
  7. Грант куәлігі (бар болған жағдайда)
  8. Скоросшиватель-1дана
  9. Конверт А5-1дана
  10. Медико-әлеуметтік сараптама негізінде мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі