Университеттегі инклюзивті білім беру
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қолжетімді және сапалы білім алуға жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Инклюзивті ортаны дамыту – университеттің білім беру саясатының маңызды бөлігі.
Инклюзия бойынша үйлестірушілер
Университетте инклюзивті білім беруді дамыту және студенттерді қолдау бойынша жауапты үйлестірушілер жұмыс істейді. Үйлестірушілердің міндеттері:
- студенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру
- студенттерді оқу үдерісіне бейімделуге қолдау көрсету
- оқытушылармен және кураторлармен байланыс орнату
- студенттерге, оқытушыларға және ата-аналарға кеңес беру;
- инклюзивті педагогика бойынша курс пен тренингтер ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру моделі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР УНИВЕРСИТЕТ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР