А.ж. 3-4 қарашасы күндері Көкшетау қаласының №1 мектеп гимназиясында қала мектептерінің мұғалімдері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алғашқы дебат турнирі өтті.
Турнирге қала мектептерінің 48 ұстазы қатысты.
Пікірсайыс қазақ лигасында Британдық парламенттік форматта, ал орыс лигасында Америкалық парламенттік форматта өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финал және финал ойындарынан тұрды.
Сайыс қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар мен үздік спикерлерді анықтады.
Қазақ лигасының «үздік төрешісі» - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Зияткер» командасының мүшесі Бегжан Нұрай, орыс лигасының «үздік төрешісі» - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Правда» командасының мүшесі Жакимова Гаухар.
Пікірсайысқа төрешілік еткен және қолдау көрсеткен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Зияткер», «Правда», «Ділмар» командаларының өкілдеріне алғыс білдіреміз.