АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
2022 жылдың 1 сәуірі күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде соңғы курс түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Мусин Лайс Қапезұлы мен Шахманова Гүлшат Шамелқызы қатысты.
Оқытушылар болашақ талапкерлерге жалпы білім ордасы, оқытылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар, көрсетілетін қызметтер, аталған оқу ордасында білім алудың артықшылықтары мен ұсынылатын мүмкіндіктері туралы толық мәлімет берді.
Бүгінгі таңдағы мұғалім мамандығының биік мәртебесі туралы, «Педагог мәртебесі» Заңы бекітілгеннен бері мұғалімдік мамандыққа сұраныстың артуы, мұғалімнің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы, шәкіртақы және жалақыларының өсуі жайлы ақпаратпен бөлісе келе, зор жауапкершілікті жүктейтін мұғалім мамандығын шын жүрегіңмен, ниетіңмен қалап таңдау қажеттілігін атап өтті.
Колледждегі барлық мамандықтың 4 курс студенттері айтылған ақпараттарды мұқият тыңдап, өзекті сұрақтар қойды. Студенттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға толыққанды жауап беріліп, педагог мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.