Бүгін университет ректоры Марат Сырлыбаев студенттермен 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрдегі оқу форматы бойынша онлайн кездесу өткізді
Университетімізде көктемгі оқу семестрі өңірдегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты 24 қаңтардан бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, зертханалық сабақтар, өндірістік тәжірибе – офлайн форматта болады.
Кездесу барысында ректор студенттердің вакцина және ревакцинация алу, жатақхана мәселелері секілді әртүрлі сауалдарына жауап берді.
Сондай-ақ, студенттердің оқу барысында қандай да мәселелер туындаған жағдайда университет басшылығына жүгіне алатындығын айтты