Медетов Нұрлан Әмірұлы 2022 жылдың 14 маусымынан бастап «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ академиялық сұрақтар бойынша проректоры болып тағайындалды
Медетов Нұрлан Әмірұлы 2022 жылдың 14 маусымынан бастап «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ академиялық сұрақтар бойынша проректоры болып тағайындалды.
Нұрлан Медетов – физика-математика ғылымдарының докторы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі («Мәскеу электрондық техника институты» ұлттық зерттеу университеті).
Нұрлан Әмірұлы осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының» Вице-президенті қызметін атқарды.
Алғашқы жұмыс күні Нұрлан Әмірұлы университет ұжымы мен жұмыс барысымен танысты.
Нұрлан Әмірұлына зор денсаулық, жаңа жұмыс орнында сәттілік, мол табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!