01.06.2023 жылы күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ,құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 208 аудиторияда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Бұл іс шараны құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к Рахметулина Б.С ашты.
Мемлекеттік рәміздер туралы өз ойларымен бөліскен құқық кафедрасының лекторлары сұхбат алаңын құрды. Мемлекет рәміздерінің тарихын, еліміздің мәдениетін, діні мен тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге арналған курстар ашу керектігін сөзге тиек етті.
Кездесу барысында: Мемлекеттік рәміздер дегеніміз-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екендігі баяндалды. Қазақстанда ту, елтаңба және ән ұран- мемлекеттік рәміздер болып саналатыны туралы баяндалды.
Мемлекеттік рәміздер еліміз үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әр азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі деген тұжырымдама жасап, егемендігіміз баянды, мәңгі болсын деген ниетпен деп отырысты аяқтап,жақсы көңіл күймен тарқастық.