05.03.2024 жылы сағат 11.30-да №401 ЖББМ аудиториясында 1 курс студенттер арасында университет психологтары «Құндылықтар деген не?» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: рухани - адамгершілік бағдарлар жүйесін қалыптастыру арқылы қауіпті мінез-құлықтың алдын алу.Тренинг барысында студенттер құндылықтардың рухани және материалдық түрлерін атады. Жаттығу барысында қандай сезімдер пайда болғанын талқылады.