05.06 мемлекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота негізінде "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша білім алған түлектерді дербес бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына академиялық даму департаментінің басшысы, институттар, мектептер директорлары, Көкшетау қаласы Мансап орталығы филиалының мамандары, Ualikhanov University Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері қатысты. Оқу жылы ішінде Ualikhanov University Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы институттармен, мектептермен бірлесіп, еңбек нарығына және мансапты дамытуға арналған іс-шаралар өткізді: диалог алаңдары, "Ашық есік күндері", "Жұмыспен қамту қызметі күні" шеңберінде компаниялар және ұйымдар өкілдерімен кездесулер, Бос орындар жәрмеңкелері, Мансап күндері, экскурсиялар, жұмыс іздеу бойынша шебер сыныптар.
Қол қойылған Меморандумдар негізінде Облыстық білім басқармасы, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, кәсіпорындармен, аудандық және қалалық білім беру мекемелерімен, кәсіпорындарымен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жинау бойынша жұмыс жасалды. Өндірістік практика басталар алдында педагогикалық және педагогикалық емес білім беру бағдарламаларының білім алушылары кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен өндірістік практикаға қажеттіліктер тұрғысынан бөлінді. "Жастар практикасы" бағдарламасына, әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға тарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түлектерді бөлу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 4 курс білім алушыларына "Қаржы орталығы" АҚ өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді, онда білім алушылар "Білім туралы" Заңына сәйкес Еңбекпен өтеу міндеті жөніндегі қағидалармен танысты.
Дербес бөлу жөніндегі комиссия өз құзыреті шегінде жұмысты аяқтады. Түлектерге табысты жұмысқа орналасу тілейміз!