06.02.2024 ж. Жоғары медицина мектебінің 1 курс студенттері үшін Азамат Ермекұлының жетекшілігімен вокалдық студияға кастинг өтті. Бұл студенттерге өз таланттарын көрсетуге және вокалдық дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік!Вокалдық студияға қатысу студенттерге өздерінің таланттарын ашуға көмектесіп қана қоймай, сенімділікті, сахналық мәдениетті және ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытады. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттерге жаңа ортаға бейімделуге, пікірлес адамдармен танысуға және университеттің мәдени өміріне енуге тамаша мүмкіндік.