06.05.2025 ж. Университет психологтары А.Манапова мен А.Абитаева «Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу, денсаулығын сақтау, саналы ата-ана болу мәселелері» тақырыбында жатақхана студенттерімен пікірталас өткізіді.
Пікірталас мақсаты: қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты отбасы моделін дайындау. Отбасы – Отанның бір бөлігі екенін ұғындыру, жанұядағы адамгершілікке, сыйластыққа, инабаттылыққа, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу және жеке қауіпсіздік ережелерін ескерту.