2022 жылғы 1 желтоқсанда Ualikhanov University өкілдері және Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Б.Дүйсенбаев мырза Сеулдегі Sookmyung Women's University-ке барды. Бүгінгі таңда Сукмен әйелдер университеті Азиядағы ең үздік 250 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Ұлттық рейтингісінде үнемі жоғары орын алады. Sookmyung Women’s University – халықаралық қыздар университеті. Кездесуде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі перспективалық дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тәжірибесімен алмасу үшін педагогикалық институтпен қарым-қатынас орнату мәселелері қойылды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары арасында халықаралық шарт жасасу жүргізілуде. Ualikhanov University студенттері үшін Korean Foundation платформасында корей тілін үйренуге тегін қолжетімділік беріледі. Сонымен қатар, Ualikhanov University студенттері алмасу аясында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына тегін қатыса алады. Университет сайтына сілтеме https://www.sookmyung.ac.kr/