2025 жылдың 1 наурызында «Алғыс айту күніне» орай GSOM халықаралық студенттерімен кездесу өтті.
Алғыс айту күніне арналған жиынға хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.А.Аяғанов және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Кафедраның аға оқытушысы Қабдрашитов Ж.Д. үлкенді, ата-ананы, құрбы-құрдастарды құрметтеудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
Қазақстанда 2016 жылдан бері тойланып келе жатқан Алғыс күні қазақ халқының бірлігі мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдіреді. Бұл мереке – жақындарымызға, әріптестерімізге және алға жылжуымызға көмектесетін барлық адамдарға алғыс білдіруге себеп.