2022 жылғы 1 қазан күні сағат 11.00-де Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты аумағында (Уәлиханов университетінің 60 жылдығы аясында) көшет отырғызу акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: Университет аумағын абаттандыру, қоршаған ортаға қамқорлық жасау, сондай-ақ білім ордасының түлектерін Жер бетінде ізгілік нышан қалдыруға тәрбиелеу.

Игілікті іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.Сырлыбаев, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Р.А.Бигари, университет проректорлары мен оқытушы-профессорлар және білім ордасының түлектері қатысты.

Арнайы өткізілген мәдени іс-шара университет жастарының жүректеріне игілік нышанын сыйлай алды деген ойдамыз.