2025 жылдың 10 желтоқсанында Үздіксіз білім беру институты педагогикалық қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламаларын талқылау үшін Ақмола облысының білім басқармасы мен Көкшетау қаласының білім бөлімі өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында педагогикалық қайта даярлау бағытындағы білім беру бағдарламаларының мазмұны, курстардың өзектілігі және болашақ педагог кадрларды даярлаудағы маңызы сөз болды. Жиынды Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор Жақыпова Айгүл Досжанқызы ашып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қайта даярлау курстарын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығының талаптарына сәйкес, яғни университеттің лицензиясы және Жоғары білімнің бірыңғай платформасы тізімінде тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ педагогикалық қайта даярлау курстары білікті педагогикалық кадрларды даярлаудағы өзектілігін атап өтті.
Проффессор-оқытушылық құрам өздерінің білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ауқымды ақпарат беріп, кейін талқыланды.
Ақмола облысы білім басқармасының және Көкшетау қаласының білім басқармасы өкілдері тәжірибе ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ педагогикалық қайта даярлауды реттейтін нормативтік құжаттарды дұрыс түсіну мәселелеріне қатысты ақпарат алып, өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойды.
Жұмыс кездесуі конструктивті форматта өтіп, университет пен білім беру жүйесіндегі жұмыс берушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Жұмыс беруші тарап алғашқы әскери дайындық, дефектолог және логопед мамандарын даярлау бойынша ұсыныстар білдірді, алайда бұл бағыттар үлкен дайындық пен ауқымды жұмысты талап ететіні атап өтілді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған нақты міндеттер мен қадамдар айқындалды.