2025 жылғы 10 желтоқсанда Астанада, Esil University алаңында, Қазақстандағы «Erasmus+» бағдарламасының Ақпараттық күні өтті. Бұл – халықаралық білім беру жобаларымен айналысатын университеттер, зерттеушілер және жобаларды әкімшілендіретін қызметкерлер үшін маңызды іс-шара болды.
Ресми бағдарлама аясында Ualikhanov University академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Динара Сәрсембайқызы Рыспаева «Жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобасы бойынша грант иегерінің тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол университеттің «Erasmus+» халықаралық жобаларына қатысу тәжірибесін таныстырып, «ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101237740 DIANA» жаңа жобасының маңыздылығына тоқталды. Аталған жоба «Қазақстан мен Өзбекстандағы ауылдық туризм саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» бағытына арналған.
«DIANA» жобасы Ualikhanov University үшін стратегиялық жетістік болып табылады. Себебі университет алғаш рет «Erasmus+» еуропалық жобасының грант иегері атанып, ірі халықаралық консорциумды әкімшілендіруді өз мойнына алды.
Жоба Қазақстан мен Өзбекстанның ауылдық аймақтарында тұратын әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ауыл және экотуризм саласындағы кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, ақпараттық күн аясында Ualikhanov University өкілдері «Erasmus+» бағдарламасының қолданыстағы келесі жобаларын көрмеде таныстырды:
Бұл жобалар көрме қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Әр жоба білім беру саясаты, цифрлық дағдылар, экологиялық тұрақтылық және халықаралық әріптестікті дамыту бағыттарында нақты нәтижелер көрсетуде.
Бүгінде Erasmus+ университеттер үшін тек академиялық ұтқырлық емес,
ол – оқу бағдарламаларын жаңарту, кадрлық әлеуетті арттыру, халықаралық байланыстарды кеңейту және өңірлердің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін жүйелі өзгерістер алаңы.