Интернационализация және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Жайлагүл Оралқызы Сағындықова...
Интернационализация және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Жайлагүл Оралқызы Сағындықова Жоғары медицина мектебінің студенттерімен AI Sana бағдарламасының 2-кезеңі бойынша түсіндіру лекциясын өткізді. Кездесу барысында бағдарламаның екінші кезеңінің мақсаттары мен міндеттері, қатысушыларға қойылатын талаптар, сондай-ақ жасанды интеллект және заманауи цифрлық технологиялар саласында дағдыларды дамытуға берілетін мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Лекция барысында студенттерге бағдарламаға қатысу тәртібі, жобаларды жүзеге асыру кезеңдері және алынған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану перспективалары түсіндірілді. Сонымен қатар медицина саласында, ғылыми зерттеулерде және білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Лекцияға 92 студент қатысты. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты және өз жобаларының мүмкін болатын бағыттарын талқылады. Іс-шара соңында студенттерге бағдарламаның келесі кезеңіне дайындық және қатысу бойынша ұсыныстар берілді.