10 қарашада Қазақстанды цифрландыру күні аталып өтіледі және осы күн қарсаңында, 7-8 қарашада, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрландыруды және жасанды интеллектті дамытуға арналған "DIGITAL AQMOLA" форумы өткізілуде.
Форумды "Astana Hub" халықаралық стартаптар технопаркі, "Aqmola Hub" өңірлік IT-орталығы, Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы, «Technowomen» коммерциялық емес ұйымы және Көкшетау университеті ұйымдастырды.
7 қарашада форумды жетекші спикерлер - TechnoWomen бас директоры Азиза Шужеева, "Astana Hub" қаржыландыру бағдарламалары офисінің директоры Анарбек Утегулов және Технопарктің өңірлік менеджері Диана Айбашпанова ашты.Маңызды оқиғалардың бірі «TechnoWoman»және Ualikhanov University арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
Бұл меморандум бірлескен IT-жобалар үшін негіз болып, цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.