2024 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің мақсатты-бағдарламалы қаржыландыруы бойынша BR21881871 «Тұрақты басқару жағдайында Қазақстанның мал азықтық алқаптарында мал азығын жинау технологиялары мен әдістерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында Ақмола облысы Зеренді ауданы Серафимов ауылында «Жайсан» шаруа қожалығының базасында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің С. Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтымен сағат 10.00-де Ақмола облысындағы мал азығы өндірісі сұрақтары бойынша Егістік күні өткізіледі.
Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер, ғалымдар, докторанттар және магистранттар шақырылады.
Координатор: а.ш.ғ.к. Нұрғазиев Рашит Есенгелдіазиев