2024 жылдың 11 қазанында Ш.Уәлиханов атындағы университетінің Жоғары медицина мектебі студенттерінің арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Көкшетау облысының онкологияның қызметін негізін салушы, О.Х.Байкеновке арналғанКонференциясы өтиі.
Хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.А.Аяғанов кіріспе сөзбен ашты. Ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияның Көкшетау облысының онкологиялық қызметінің негізін салушы, 40 жылдан астам уақыт бойы облыстық онкологиялық диспансерді басқарған О.Х.Байкеновтың құрметіне өткізіліп жатқанын атап өтті.
Жоғары медицина мектебі директорының орынбасары Ю.В.Лисицин құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияға қатысуға студенттер, интерндер, оқытушылар және практиктер шақырылды.
Баяндамашылар жоғары медицина мектебінің 5 курс студенттері болды, олар үшін бұл конференция ғылыми қызметіндегі алғашқы қадам болды. Баяндамалары мазмұнды және жақсы суреттелген.
Конференцияда Айгүл Умербекқызы, жоғары санатты дәрігер, О.Х.Бәйкеновтің қызы да әкесі туралы өте қызықты естеліктер айтты.
Конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.