2025 жылғы 12 мамырда Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Жоғары медицина мектебі "Study in KZ" білім беру көрмесіне қатысты.Іс-шара достық және нәтижелі атмосферада өтті. Көрме жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерін, мектеп оқушыларын, студенттер мен олардың ата-аналарын біріктірді. Жоғары медицина мектебінің командасы оқыту бағыттары, қабылдау шарттары, оқу үдерісі мен түлектердің тәжірибеден өтуі және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.Көрмеге қатысу болашақ талапкерлермен өзара байланысты кеңейтіп, серіктестік қатынастарды нығайтуға және медицина саласындағы кадрларды даярлау деңгейінің жоғары екенін көрсетуге мүмкіндік берді.