2024 жылғы 12 қыркүйекте Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары" тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қазақстан экономикасының дамуы, ел халқының өсуі экономиканың әртүрлі салаларының электр және жылу энергиясына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселесін барған сайын өзекті етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті экономиканың үдемелі және тұрақты дамуы үшін сенімді іргетас болатын жоғары технологиялар мен ғылымды қажетсінетін өндірістерді енгізу туралы стратегиялық міндет тұжырымдаған.

Экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының ішінде электр энергетикасының ресурстарын дамыту және атом энергетикасын жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

Дөңгелек үстел отырысы барысында қатысушылар – ғалымдар, магистранттар, университет студенттері Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті.