13-14 ақпан 2025 жылы «Орыс тілі XXI ғасырда: жас ғалымдардың зерттеулері» атты XII Халықаралық ғылыми студенттік конференция өтті. Конференцияның 7 секциясында ғылыми баяндамалармен Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қытайдан 138 қатысушы сөз сөйледі.
Халықаралық ғылыми конференцияның әділқазылары (ұйымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сургут мемлекеттік педагогикалық университеті, И.Кант атындағы Балтық федералды университеті, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті) 4 курс студенті Диас Исатаевқа «Орыс және орыс емес тілдерде оқытылатын мектептердегі орыс тілі мен орыс әдебиеті» мамандығы бойынша II дәрежелі диплом берді. Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Анищенко О.А. Диасты және ғылыми жетекшісін құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!