Ақмола облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті департаменті өкілдерімен ақпараттық кездесу
Іс-шараның мақсаты - студенттер мен университет қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік басқарудағы цифрландыру мен ашықтықты қамтамасыз ететін заманауи тетіктермен таныстыру.
Кездесу спикерлері:
Құдабаева Ляззат Айтбаевна, өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы - «e-Otinish» жүйесінің мақсаттары, міндеттері және артықшылықтары, жүйе арқылы өтініш берудің тәртібі тақырыбында баяндама жасады. Ол азаматтардың өтініштерін онлайн форматта қараудың ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ететін платформаның мүмкіндіктеріне тоқталды.
Дизендорф Евгения Михайловна, азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы - «Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік бақылаудың тиімділігін арттыру құралы жүйесі» тақырыбында сөз сөйледі.
Красноусов Виктор Анатольевич, құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөлімінің бастығы - ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелері мен жобалары туралы баяндап, құқықтық статистиканы цифрландыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру бағыттарымен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар прокуратура органдарының негізгі бағыттары жөнінде өзекті ақпарат алды, сұрақтар қойып, цифрлық сервистердің қолдану тәжірибесін талқылады. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, цифрлық сауаттылықты дамытуға және мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
#Заң және тәртіп