2022ж. 13 қыркүйегінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Жолдауын талдау бойынша ақпараттық-аналитикалық семинар өтті.
Семинар модераторы Сеиткасымов Аманбай Асылбаевич т.ғ.к., Қазақстан тарихы және "Рухани жаңғыру" кафедрасының доценті бұл жолғы Жолдаудың тарихи маңызды және күрделі мәселелерді көздейтінін, Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап өтті.
Семинар барысында Жолдаудың негізгі бағыттары экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы, жоғары білім саласындағы реформалар, студенттерді жатақханамен қамту, мемлекеттік басқару ісі, сот төрелігі сапасына қатысты мәселелер қарастырылды.
Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Братаева Райхан Ғазизқызы қатысып, мемлекеттік басқару ісінің бүгінгі жағдайы мен осы салаға қойылған міндеттер жөнінде айтты.
Студенттер тарапынан мемлекеттік қызметке орналасу, сот жүйесі саласына қатысты сұрақтар қойды.
Жалпы семинар жұмысына 47 адам қатысты.