14–15 ақпан күндері Қостанай қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында дәстүрлі «BAITURSYNULY CUP–XX» республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Биыл 20 жылдық белесін еңсерген беделді дода еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 32 команданың басын қосып, нағыз зияткерлік бәсекеге айналды.

Осы ауқымды додада университетіміздің «Зияткер» пікірсайыс клубы тарихи нәтижеге қол жеткізді.

  • Негізгі алаң чемпионы (32 команданың ішінен І орын):Тайлаков Жандос – Жоғары медицина мектебіЖанглисова Ақбота – Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
  • Сонымен қатар, Тайлаков Жандос LD (Lincoln-Douglas) форматында турнирдің «Үздік спикері» атағына ие болды.
  • Негізгі алаң финалисттері:
    Сапар Абдырасул
    Ашрапи Мерей

Финалдық кезеңге дейін сүрінбей жетіп, жоғары деңгейдегі аналитика мен аргументация үлгісін көрсеткен бұл команда турнирдің ең мықты құрамдарының бірі екенін дәлелдеді.

  • Жастар алаңы финалисттері:
    1 курс студенттері Көмек Айдын
    Бекмырза Ұлбала

Жас буын өкілдері де тартысты ойын өрнегін көрсетіп, болашақ чемпиондардың қалыптасып келе жатқанын айқын аңғартты.

Айта кетерлігі, университетіміздің «Зияткер» клубының 6 фракциясы да іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, командалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Жеңіс — жүйелі еңбектің нәтижесі. Барша жеңімпаздар мен финалисттерді құттықтаймыз!