15 қараша 2021 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Университетінде бизнес және құқық жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 15 қараша – ҚР Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне орай «ұлттық теңге – ұлтымыздың абыройы» атты шара ұйымдастырылды. Құттықтау сөз бизнес және құқық жоғары мектебінің директоры Искаков Абай Жантасұлы мен кафедра меңгерушісі Кусаинова Айман Акаевнаға берілді.
Мерекеге «банк ісі», «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша 1-4 курс студенттері арасынан 4 команда («Динар», «Золотые горы», «50 cent», «Время – деньги») қатысты.
Сайысқа қатысушыларға баға беру үшін әділ-қазылар алқасы құрамында Фортебанктің Ақмола филиалы директорының орынбасары Жүсіпов Ертемір Ерболұлы, Евразиялық банктің Ақмола филиалы персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма оқу орталығының бизнес-тренері Шарипов Жеңіс Серікұлы, Жусан банктің Ақмола филиалы директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Мурзина Наталья Александровна, Сбербанктің Ақмола филиалының жеке тұлғаларға қызмет көрсету секторының бастығы Кусаинова Динара Ақылбайқызы, Сбербанктің Ақмола филиалының корпоративтік клиенттерге кредит беру секторының басшысы Кішібаев Жомарт Еркінұлы болды.
Конкурс 4 турдан: берілген әріп бойынша «қаржы» тақырыбына мейлінше көбірек терминдер құрастыру; 200, 2000, 5000 теңге номиналды купюралардың суреттерін салу; құрамында ақша және саны бар мақал-мәтелдер айту және интеллектуалды сұрақтар тізімінен тұрды.
Сондай-ақ, шараға қатысушы студенттер мен қонақтар арасынан Kahoot.it онлайн ойын платформасында әзірленген қаржы, экономика, ақша тақырыбына байланысты әртүрлі қызықты сұрақтар жарысына 32 қатысушы қатысты. Сұраққа дұрыс жауап беріп қана қоймай, жылдамдығы бойынша да қатысушылардан ілгері озып, алға шыққан «банк ісі және қаржылық менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Трафимов Станислав 1 орын иеленіп, 50 мысыр фунтын; «банк ісі» мамандығының 1-курс студенті Даиров Медхат 2 орын иегері атанып, 10 гонконг долларын; «банк ісі және қаржылық менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Левченко Николай 3 орынмен 5000 өзбек сумын жеңіп алды.
Әділ-қазылар алқасы шешімімен 1 орынды – «Золотые горы», 2 орынды – «Динар», 3 орынды – «50 cent», ал 4 орынды – «Время – деньги» командасы иеленді.
Кеш соңында «Бизнес және құқық жоғары мектебінің» ұжымы Жусан банктің Ақмола филиалының директоры Ыдрысов Ернар Өмірбайұлын, Сбербанктің Ақмола филиалының директоры Махмудова Асель Садуовнаны, Евразия банкінің Ақмола филиалының директорының орынбасары Бекмағамбетов Алмаз Есмагзамұлын және Фортебанктің Ақмола филиалының директорының орынбасары Жүсіпов Ертемір Ерболұлын кәсіби мерекелеріне байланысты алғыс хаттармен марапаттады.