15 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының сарапшылар қауымдастығымен Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы өкілдерінің кездесуі өтті.Жиында жас сарапшылар клубының қызметі мен оның атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Сенат хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жасұланбек Майлыбай Клуб аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ оның мүшелерінің заң жобаларын әзірлеуге қатысуы, парламенттік тыңдаулар, сараптамалық консультациялар және Сенаттың басқа да іс-шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар өңірдің даму мәселелерін және сарапшылар қауымдастығы мен жас сарапшылар клубы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін де талқылады. Кездесуге қатысушылардың жалпы саны ғылым, мемлекеттік сектор, бизнес және басқа да салаларды қоса алғанда, Ақмола облысындағы қызметтің әртүрлі салаларынан 30-ға жуық сарапшы болды.