15 ақпан Ш.Уәлиханов қабырғасында «Абылай ханның қара жолы» республикалық экспедициясының зерттеулері негізінде «Абылай ханның жорық жолдары және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара аясында «Абылай ханның қара жолы»кітабының(құрастырушы М. Ыдырысұлы) II томы таныстырылып және тұсаукесері өткізілді.

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мақсаты – қазақ халқы мен елін күрделі, қиын 18 ғасырға біріктіріп, сақтап қалған ұлы Абылай ханның тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, қазақ даласының ұлы қайраткерлерінің қасиеттерін кеңінен насихаттау.

Жастарымызға Отанға, ұлтқа, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.Конференцияның жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарих, мәдениет, әдебиет және этнография саласындағы көрнекті ғалымдар, сондай музей саласының мамандары, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы мен экспедиция мүшелері, студенттер қатысты.

Сонымен қатар, конференцияда Жамбыл Омарұлы Артықбаевқа ғылым мен білім саласындағы ерекше жетістіктері үшін "Құрметті профессор" құрметті атағы берілді.