2025 жылдың 15 мамырында Қазақстанның 12 жоғары оқу орнының қатысуымен Қазақстандық күміс университеттер қауымдастығы (ҚКУҚ) құрылтайшыларының кезекті отырысы өтті.

Кездесу барысында университет өкілдері Күміс университеттердің жұмысы туралы есеп берді, АИУТА президенті Ф.Веллас мырзаның Қазақстанға сапарын талқылады және Уәлиханов атындағы университеттің ҚКУҚ логотипін жобалау және AIUTA Connect қосымшасымен жұмыс жасау жөніндегі ұсынысын қарастырды.

Сындарлы тәжірибе алмасу болып, Қауымдастықтың даму перспективалары айқындалып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды.