2023 жылғы 17 сәуірде Ualikhanov University-де өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға ректор Сырлыбаев Марат Қадырұлы және Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" КММ-і директор Укеев Жасұлан Кәрімұлы атынан қол қойды. Меморандумның мақсаты жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, университеттің бірыңғай ақпараттық ғылыми-білім беру ортасын құру, ғылым және жоғары білім саласындағы әріптестік , ынтымақтастықтың тиімді нысандарын әзірлеу және іске асыру саласындағы пікірлер мен мүдделерді ескере отырып, стратегиялық ынтымақтастықты іске асыру болып табылады. Сондай-ақ студенттердің археологиялық практикасының өтуі, тарихшылармен конференциялар және дипломдық жұмыстардың жазылуы туралы айтылып кетті.