17 қыркүйекте Ш.Уәлиханов атындағы университетте Педагогикалық институттың 4 курс студенттері мен «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қорының өкілінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты-түлектерді өңірлік мектептерде мұғалім болып жұмыс істеуге тарту. Студенттер үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер ұсынылады: педагогикалық қайта даярлаудан өту; Қордың іс-шараларына қатысу: тренингтер, шеберлік сыныптар, квизалар және кейс-чемпионаттар. "Teach for Qazaqstan" бағдарламасына қатысу үшін студенттер бірқатар кезеңдерден өтуі тиіс: өтінім беру; конкурстық іріктеуден өту; жазғы кәсіптік қайта даярлау институтына қатысу; қатысушылар бағдарлама бойы сүйемелденеді; ай сайын стипендия беріледі. Ualikhanov University Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесіп, мансаптық мүмкіндіктер туралы хабарлайды.Түлектер мансап траекториясын құруда дұрыс таңдау жасауы керек!