2026 жылғы 18 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Е. Айтбаевтың төрағалығымен «Реформаларды жүзеге асыру аясында қазіргі заманғы білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.

Баяндамашылар қатарында университет басшылығы, сарапшылар және белсенді магистранттар болды.

Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет және инновациялар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу тетіктері, магистранттарды даярлау сапасын арттыру және академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи өзгерістер мен реформалар, университеттің тұлға қалыптастырудағы және бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел өзара пікір алмасуға, кәсіби тәжірибемен бөлісуге және академиялық қауымдастық пен сарапшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды алаң болды.