2024 жылғы 18 қазанда Медицина жоғары мектебінің 4-5 курс студенттері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысты. Бұл іс-шараны «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырды. Кездесу барысында МӘМС жүйесінің негізгі аспектілері, оның артықшылықтары, азаматтардың міндеттемелері және осы бағдарлама аясында медициналық қызметтерді алу үдерісі талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу механизмдері туралы көбірек мәлімет алды.