2 маусым күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің (NEO) үйлестірушісі Лаура Палуановамен кездесу өтті. NEO үйлестірушісі Халықаралық жобаларды басқару орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді, оның барысында халықаралық жобаларды үйлестіруші топ өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Сондай-ақ, Лаура Палуанова жергілікті үйлестірушілермен және жұмыс топтарының мүшелерімен танысып, қолданыстағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Сонымен қатар сапар барысында Жоғары медицина мектебі мен С.Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институтқа экскурсия ұйымдастырылып кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылай алды.