20 сәуір күні Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру мақсатында «Таза бейсенбілік» жалпықалалық экологиялық акциясына Ualikhanov University студенттері қатысты
20 сәуір күні Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру мақсатында «Таза бейсенбілік» жалпықалалық экологиялық акциясына Ualikhanov University студенттері қатысты. Тырма мен қоқыс салатын дорбалармен қаруланған 20-дан астам студент қала көшелеріне шықты. Алаң аумағын тазалау барысында көгалдар тазартылып, қураған ағаштар мен ірі қоқыс шығарылды.