20 сәуір күні Ualikhanov University оқу орнында «Қазақ тілі мен әдебиет: Дарынды оқушыларды оқытудағы нормалық талаптар мен бағалау деңгейлерінің мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар бағдарламасы өтті.
Семинар форматы оффлайн және Zoom бойынша өтті. Бағдарламаның мақсаты: облыс пен қаладағы қазақ тілі, әдебиет пәні мұғалімдерінің дарынды оқушыларды дайындаудағы тәжірибемен бөлісу.
Дарынды оқушыларды шағармашылыққа, ғылыми жұмыстарға, олимпиадаларға қатысуға дайындау. Жұмыстың ерекшеліктері мен қиындықтары жайлы айтылып кетті. Соңымен қатар университеттегі ғалымдардың методологиялық-әдістемелік көмегі талқыланды. Кейін секциялық отырыс өтті.
Онда ээсе жазу, олимпиаданың тапсырма түрлері, ғылыми жоба тақыптары мәселелері бойынша сұхбат өткізілді. Іс-шараның модераторы, қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі Қасиет Какенұлы болды. Конференцияда Ш.Уалиханов университет ректорының кеңесшісі Сейітқасымов.А.А оқушылардың іздестіру-зерттеу жұмыстары, лингвистер мен білікті ғалымдар, белгілі мұғалімдер қатысқан кеңес жайлы айтып кетті.
Бағдарлама аясында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының басшысы Алдабергенова.А.Ж, , М.Қозыбаев атындағы университетінің профессоры Таласпаева.Ж.С, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Искакова А.С, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценттері Беркенова.Н.А және Пертаева.Э.Қ, Көкшетау қаласының , Абай атындағы №3 ДБАОММИ филология ғылымдарының магистрі Ахат.А.Д, Білім-Инновация, лицей-интернатының қазақ-тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рахымжанова.С.Қ және Ш.Уалиханов университетінің профессорлары баяндамаларын таныстырды.
Бағдаламаға 70 облыс мұғалімдері қатысты. Конференция жұмысы семинар отырысы мен марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.