2025 жылдың 20 наурызында "Морфология, физиология және жалпы патология" кафедрасының оқытушысы Б.Т. Жандарбекова МедА-241 тобының 1 курс студенттері үшін әдебиет және өнер мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында студенттер қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты. Дәстүрлі киімге, музыкалық аспаптардың алуан түрлілігіне және киіз үйдің құрылысына ерекше назар аударылды.