2025 жылдың 20 қарашасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасы мен Жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасының оқытушылары үшін Павол Йозеф Шафарик университетінде (Кошице, Словакия) бір апталық тағылымдама өтуге арналған Erasmus+ KA1 (Халықаралық кредиттік мобильдік) стипендиясын алу конкурсы өткізілді. Конкурс нәтижелері бойынша Erasmus+ KA1 (International Credit Mobility) бағдарламасының стипендия иегерлері болып, Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының сеньор-лекторы - Заяц Татьяна Валерьевна және Жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасының ассистент-профессоры - Сапаш Шынар Болатбекқызы атанды. Халықаралық тағылымдама 2026 жылдың сәуір айында өткізіледі.