2022 жылдың 16 мамырында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ Жол» партиясы фракциясының мүшесі Өмірғали Ерлік Қайдарұлымен кездесу өтті.
Кездесуде оқу ордамыздың түлегі, Көкшетау өңірінің тумасы Ерлік Қайдарұлы 5 маусым 2022 жылы өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымыз – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды толыққанды түсіндірді.
Білім алушылар жеке ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына толықтай жауап алды.
Өз кезегінде Ерлік Қайдарұлы да егемен еліміздің болашағы бәрімізге тікелей байланысты егендігін атап өтіп, жастарды референдумға қатысуға шақырды.
Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.
 
Айта кету керек, жуырда жаңа реформа негізінде Конституцияның 33-бабына өзгерістер енгізілмек.
Бұл 50-ден аса түзетулер деген сөз.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі бір мақсатты көздейді.
Мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:
1️⃣ Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
2️⃣ Бірқатар билік өкілеттілігін қайта бөлу;
3️⃣ Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
4️⃣ Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
5️⃣ Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.