2024 жылғы 29 қарашада өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында Ш.Уәлиханов атындағы университетте Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Серіктайұлы Жүкеновтің дәрісі өтті.
Жиынның тақырыбы құқық бұзушылықтың алдын алудағы әділет органдарының рөлін талқылау болды.Дәріске құқық кафедрасының магистранттары қатысты. Іс-шара лектордың терең білімі мен тәжірибесінің арқасында жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Кездесу барысында студенттер сот жүйесінің дамуы және сот төрелігін жүзеге асыру тәжірибесінің заманауи тәсілдері туралы құнды мәліметтер алды. Сондай-ақ болашақ заңгерлердің кәсіби қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда жастардың алдында тұрған негізгі қауіп – кибералаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Тыңдаушылар сот тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, сот жүйесі жұмысының осы сын-қатерлерге қарсы күрестегі маңыздылығын көрсетеді.