2023 жылғы 21 ақпанда Ualikhanov University-де филология ғылымдарыныңдокторы, профессор О.А.Сұлтаньяевтың 85 жылдығына арналған «Слово в языке иречи: современные исследования в филологических науках» атты VII Халықаралықғылыми-практикалық конференция өтті.ҒЖ және ӨӨІ жөніндегі проректор А.Д. Жакупова, сондай-ақ филологияғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Ш.Уәлихановатындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры Нұрсұлу ЖамалбекқызыШаймерденова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жұмысжәне халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарыныңкандидаты Майнура Әбілтайқызы Бурибаева құттықтау сөз сөйледі.Конференцияның мақсаты - филология ғылымының жай-күйі мен дамуперспективаларын талқылау, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгілеу,тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы заманауи зерттеулердің басым бағыттарынбелгілеу.