2025 жылдың 22 тамызында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің 2023-2025 жылдардағы BR21881871 «Қазақстанның мал азықтық алқаптарында тұрақты басқару контекстінде жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін жасақтау» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде Дөңгелек стол өткізілді.Кездесуге: Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, профессор – А.Д. Жакупова, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау мемлекеттік комиссиясы Ақмола облыстық филиалының өкілдері, Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының аграрлық ғалымдары қатысты. Жиынды ашқан Айгүл Досжанқызы қазіргі таңда университеттің аграрлық ғалымдары Қазақстанның жетекші ғалымдарымен бірлесіп, өнімділігі жоғары жайылымдық жерлерді құру бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Жиында сөз алған қатысушылар облыста мал шаруашылығының жем-шөп базасын құруға және оны жақсартуға толық мүмкіндік бар екеніне тоқталып, мал азығы өндірісін дамытудың өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша аграрлық ғалымдар Ақмола облысында мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін дамытудағы түйткілді мәселелерді шешу үшін өндіріспен бірлескен өзара тиімді жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтып шықты.