2023 жылғы 22 қыркүйек күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде құрылған 8D023 "Тіл және әдебиет" дайындық бағыты...
2023 жылғы 22 қыркүйек күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде құрылған 8D023 "Тіл және әдебиет" дайындық бағыты бойынша диссертациялық кеңесте «6D020500 – Филология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мукашева Акбота Омиржановнаның «Саяси дискурс идеологемаларын когнитивті-дискурсивті талдау бойынша қазақстандықтардың қоғамдық санасының құндылықтар парадигмасы» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы сәтті өтті.
Диссертация Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Жалпы тіл білімі және әдебиет» кафедрасында орындалды.
Ғылыми кеңесшілері:Жакупова Айгүл Досжанқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ, Ғылыми жұмыс және өңірмен өзара әрекеттесу жөніндегі проректоры;
Юрина Елена Андреевна – филология ғылымдарының докторы, А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты (Ресей, Мәскеу қ.), жалпы және орыс тіл білімі кафедрасының профессоры.
6D020500 - Филология» мамандығының докторанты Мукашева Акбота Омиржановнаны диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!